2-3 ақпанда Digital Almaty 2023 мерейтойлық халықаралық форумы өтеді!

Алматы қ., «Атакент» ЭКСПО

Форумның тақырыбы: «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік»

Әлемнің 30 елінен келген халықаралық сарапшылардың қызықты панельдік сессияларына қатысып, жетекші IT-компаниялардың 150-ден астам спикерінің цифрлық технологиялар саласындағы жаңа стратегиялар мен трендтер туралы талқылауын тыңдап, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия технопарктері мен венчурлық қорларының көрмесін, Astana Hub Battle стартаптар жарысын, IT-вакансиялар жәрмеңкесі мен IT-мектептер көрмесін тамашалай аласыздар!

Сондай-ақ Алматыда алғаш рет IT-стартаптар Аллеясы өтеді. 10 мың шаршы метрге бүкіл Орталық Азиядан үздік стартаптар жиналады.

Ұйымдастырушылар – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі.

Қатысу тегін. Орындар саны шектеулі.

Сілтеме бойынша тіркелу: almatydigital.kz