08 маусым 2020: Цифрландыру басқармасы серіктес компанияларға төтенше жағдай кезеңінде КВИ-ға қарсы күресу жолында бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді

08 маусымда Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының коронавирустық инфекцияға (КВИ) қарсы күресу жолында АТ-жобаларды жылдам өрістетуге қолдау көрсеткен компания өкілдерімен кездесуі өтті. Баян Қоңырбаев барлық серіктестеріне ел үшін қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, компания өкілдерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

VILED-Group қоғамдық пайдалану үшін covid19live.kz интерактивті картасын жедел іске қосты, соның арқасында барлық қазақстандықтар елдегі КВИ-ны жұқтыру ошақтары бойынша жағдайды қадағалап, жұқтырғандардың және науқастан сауыққандардың санын бақылай алады.

«Бірінші кредиттік бюроның» қолдауымен КВИ бойынша карантиннен шығу мерзімі мен сценарийлерін анықтау үшін стохастикалық математикалық модель әзірленді. Алматы қаласында қолданылған карантиннен кезең-кезеңмен шығу сценарийін қоса алғанда, мүмкін болатын алты сценарий әзірленді.

FrontierKZ әлеуметтік оқшаулану индексін қадағалау мақсатында мобильді операторлардың деректері негізінде қала тұрғындарының қозғалысын талдау жүйесін әзірледі. Иесі туралы ақпарат жасырылып, біріктірілген деректер мобильді абоненттердің жиналатын орындарын анықтауға және олардың басқа  деректер көздерімен жақындасқан кездегі жасаған байланысын есептеуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп ЖСН және көлік құралдарының нөмірлік белгілері арқылы қала ішінде қозғалу мүмкіндігін анықтау үшін e-polisia қосымшасы іске қосылды. «Көркем-Телекомның» қолдауы арқасында қала ішіндегі, одан тыс жерлердегі блок-бекеттерде бейнекамералар орнатылып, ретке келтірілді. Қосымша infoalmaty.kz деректер базасындағы барлық автокөліктердің/азаматтардың қала ішіндегі қозғалысын бақылауға мүмкіндік берді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Учет.кз» компаниясымен бірлесіп құрылған infoalmaty.kz порталы – деректерді енгізу кезінде оларды қосарлы растау жүйесі, бұл карантин режимінің бұрмалануы мен бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді.

KTE.KZ, NAURA AI, Lean Solutions, GENESISZERO ASTANA LTD, «Эвотек Центральная Азия» компанияларының және басқа да серіктестердің жедел жұмысы қала әкімшілігі мен IT-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмыс принциптерінде құрылған өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктері мен тәсілдерін ашты.