08.06.2021: IDC халықаралық сарапшыларының бағалауы бойынша Алматының «ақылды қала» ретіндегі цифрлық жетілу деңгейі «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өсті

International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі өзінің әдістемесіне сәйкес Алматының «ақылды қала» ретінде кемелденуіне бағалау жүргізді.

IDC әдістемесі 5 өлшем бойынша 19 критерийден тұрады: (1) Пайымдау; (2) Мәдениет; (3) Процестер; (4) Технологиялар; (5) Деректер. Қорытынды баға әр критерий бойынша арифметикалық орташа мәніне қарай есептеледі және 0-ден 5-ке дейін бағаланады.

Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы ықтимал 5 балың 2.7 балын жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала «Конъюнктуралық» (opportunistic) деңгейден «Қайталанатын» (Repeatable) деңгейге ауысып, нәтиженсін едәуір жақсартты.

Бұл келесі факторларға негізделді:

  1. Институционалдық нығайту. 2019 жылы қалада тікелей қала әкіміне бағынатын Chief Digital Officer басқаратын Цифрландыру басқармасы құрылды. Жобалық басқару қағидаттары енгізілді.
  2. Инфрақұрылымдық смарт-жобаларды енгізу. «Ақылды» жобалар қала тіршілігінің барлық салаларында, атап айтқанда, жол қозғалысын басқару, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, пандемияның таралуын болдырмау салаларында енгізілуде. Мәселен, «Сергек» жобасын іске асыру жолдардағы ЖКО саны мен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік берді. «Ақылды бағдаршамдар» трафиктің орташа жылдамдығын 15-20%-ке арттырады. Көлемді деректерді талдау және жасанды интеллект құралдарын қолдану адамдар көп жиналатын объектілерді мониторингілеуге мүмкіндік берді.
  3. Шешім қабылдау кезінде қала тұрғындарының пікірін ескеру және корпоративтік басқару процесі жақсарды. Деректерге негізделген басқарушылық шешімдер қолданыс тапты, тұрғындармен өзара іс-қимыл арналары құрылды, «Бюджетке қатысу» секілді құралдар енгізілді, мұнда қала тұрғындары қалалық бюджеттен қаржыландыру үшін жобаларды өздері айқындайды.
  4. Алматыда – цифрлық және компьютерлік сауаттылық деңгейі ең жоғары тұрғындар тұрады. Қызметтердің 90%-тен астамы электрондық форматта көрсетіледі. Бұл да қаланың Smart City қағидаттарын ұстанатынын көрсетеді.

Әлем қалаларымен салыстырғанда, Алматы - орташа деңгейде. Әлемдегі бірде-бір қала ең жоғары деңгейге (5.0) жеткен жоқ. Азия өңірінде Сингапур (5.0- деңгейге жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетуде. Еуропада - Лондон (4-деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу (3 және 4 - деңгей арасында) көш бастап тұр.
 

«Алматы Будапешт, Ташкент, Бакуден озып, ТМД және Шығыс Еуропа өңіріндегі көшбасшы қалалардың тобына кіреді»

Андрей Беклемишев, IDC вице-президенті