08.11.2022. Алматы қаласы Almaty Data Lake жобасымен IEEE Smart Cities Awards 2022 халықаралық «ақылды қалалар» байқауының финалисті атанды

 

Ірі халықаралық техниктер IEEE* қауымдастығы «ақылды қалаларды» құрудағы ерекше жетістіктері үшін әлемнің 14 қаласын марапаттады. Финалистер қатарына Алматы қаласы Almaty Data Lake жобасымен мемлекеттік органдар және коммерциялық компаниялар арасында деректер алмасу платформасын құрғаны үшін кірді.

IEEE Smart Cities Awards Contest 2022 қазылар алқасы хабарланған жобалардың муниципалитеттерге өсіп келе жатқан урбанизация процестерін басқаруға қаншалықты көмектесетінін, және қолданылатын технологиялардың оң және теріс жақтарын бағалады.

Almaty Data Lake (Алматы қаласының Бірыңғай деректер қоймасы) жобасы Алматы қаласы Цифрландыру Басқармасының «ақылды қала» стратегиясының негізгі инфрақұрылымдық жобаларының бірі болып табылады. Жоба қаланың коммуналдық қызметтерінің мысалында деректердің экономикалық тиімділігін көрсетті, бұл кезде мекен-жайда тіркелген азаматтардың саны туралы мәліметтерді өзектендіру, коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге көпжылдық алынбаған кірістің алшақтығын толтыруға мүмкіндік берді.

Дегенмен, жобаның негізгі міндеті қала тұрғындары үшін белсенді қызметтерді әзірлеу үшін әртүрлі көздерден алынған деректерді/мәліметтерді пайдалану болып табылады. Бұл Сингапурлық Citizen 360⁰моделіне сәйкес келеді, онда деректерді дұрыс басқару «адам деректер артынан емес, деректер адам артынан жүгіреді» принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы студенттер мен оқушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүруге арналған «Оңай» картасының жеңілдігін алу процесін цифрлық форматқа көшіру жоспарлануда, бұл картаны алуды күту уақытын бірнеше аптадан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қалалық қызметтер әлеуметтік қолдау шараларын жақсы жоспарлай алатындай етіп, қалада тіркелген жері бойынша азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

 

«Сервистерді алу – азаматтың деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана мүмкін болады. Мысалы, егер бірінші курс студенті онлайн режимінде «Оңай» жеңілдік картасын тез алғысы келсе, оған смартфондағы қосымша арқылы өзінің жеке деректерін тексеруге келісім беруі қажет болады».

Аида Дәрменова, жоба жетекшісі


_________
* Institute of Electrical and Electronics Engineers, IEEE — техника саласындағы мамандардың халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы, радиоэлектроника, Электротехника және есептеу жүйелері мен желілерінің аппараттық құралдары бойынша