15.07.2021: Бірыңғай коммуникациялық кеңістік платформасында бизнес-аналитиканы тегін оқытуға өтінімдер қабылдау басталады

Алматы қаласының әкімдігі «Хоум Кредит банкімен» бірлесіп, Бірыңғай коммуникациялық кеңістік платформасында жаңадан бастаушылар мен болашақ IT-мамандар үшін оқыту мен тағылымдамалардың тегін бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Оқу барысында тыңдаушылар Oracle Дерекқоры үшін PL/SQL тілінде бағдарламалау негіздерін, Microsoft Power BI-мен визуализация мүмкіндіктерін және «Бизнес-аналитика» бағыты бойынша басқа да сұранысқа ие құралдарды оқи алады.

Тестілеу кезеңі 2021 жылғы 15 шілдеден бастап 2021 жылғы 15 тамызға дейін.
Оқу мерзімі-2 ай.
Оқыту форматы-онлайн.
Бағдарламаға экономикалық және техникалық мамандықтардың 3-4 курс студенттері қатыса алады.

Қатысу үшін:

1.    Бірыңғай коммуникациялық кеңістік cайтында сауалнаманы толтыру;
2.    Онлайн-тестілеуден өту;
3.    Оқуды бастау!

Әрбір тыңдаушы курс аяқталғаннан кейін Home Credit University сертификатын алады, ал емтихан қорытындылары бойынша үздіктер тағылымдамадан өтушілер мен штаттағы қызметкерлер ретінде «Банк Хоум Кредит» үлкен отбасының бір мүшесі бола алады.