2020 жылдың 29 наурызынан бастап карантиндегі пациенттерді қадағалау енгізілді

29 наурыздан бастап карантиндегі пациенттердің жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін толық сақтай отырып, оларды қадағалау жүйесі енгізілді. Ол үшін келесі алгоритм әзірленді: карантиндегі пациент Телеграм-ботқа жазылып, өзінің нақты уақыт режимінде орналасқан жері туралы ақпарат беру үшін ұялы құрылғысының GPS сигналын іске қосады. КВИ оқшаулау нүктесінен 30 метрден астам қашықтыққа алыстаған жағдайда, Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлері пациентке телефон арқылы хабарласып, пациенттің жүйеде тіркелген бірегей ID-кодын пайдалана отырып, оның қашықтықты бұзу себебі туралы біле алады.