28.07.2021: «Ақылды қала» жобаларын дамыту аясында Цифрландыру басқармасы сингапурлық CrimsonLogic PTE Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2021 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы мен сингапурлық CrimsonLogic PTE Ltd компаниясы «ақылды қала» жобаларын бірлесіп дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың алғашқы жобасы «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы болды, оның даму стратегиясы әлемнің алдыңғы қатарлы «Citizen 360˚» сингапурлық моделіне сәйкес келеді, бұл ретте деректерді тиісінше басқару адамның деректер артынан емес, деректердің адам артынан «жүгіруіне» мүмкіндік береді.

Онлайн баспасөз брифингінде CrimsonLogic компаниясының вице-президенті Ви Тан Йонг  (Wee Tan Yeong) Сингапурдың «цифрлық мемлекет» жолындағы өзгерістер және осы «цифрлық саяхаттағы» CrimsonLogic-тің реформалардың тікелей қатысушысы ретіндегі рөлі туралы айтты. Сингапурлық әріптестер MyInfo жүйесіне толығырақ тоқталып, соның арқасында қала-мемлекет билігі өз азаматтары үшін проактивті сервистер көрсететінін баяндады.

Баян Қоңырбаев Алматы қаласы әкімдігінің негізгі пайымдауын түсіндірді, ол тұтас цифрлық экожүйе - деректерді тура басқару көмегімен қаланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіретін тәсілді құру болып табылады.

 

Егер Сингапур цифрлық трансформацияны бастаған бастапқы мүмкіндіктерді салыстыратын болсақ, онда Алматы неғұрлым тиімді позицияда тұр: Қазақстанда техникалық бағыттарда жақсы білім алған жас халық бар. Сонымен қатар, заманауи технологиялар – жасанды интеллект, блокчейн, 5G – шығармашылық пен технологиялық инновациялар үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктер ашады. Біздің ойымызша, Алматы қаласы цифрлық трансформацияға дұрыс көзқарасты таңдады және Орталық Азияның цифрлық хабына айналуға барлық мүмкіндігі бар.

Ви Тан Йонг,CrimsonLogic компаниясының вице-президенті

Біз жобаларымызды оқшаулайтын платформаны мұқият таңдадық. Сингапурдың цифрлық трансформация жолында бастан кешкен тәжірибесін назарға ала отырып, біз Сингапурмен бірге даму оңай болады деп санаймыз.

Баян Қоңырбаев, Цифрландыру басқармасының басшысы