7 мамыр 2020 жыл: Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы үлкен қалалық жүйелерді басқару бойынша IGLUS бағдарламасының мүшесі атанды

IGLUS бағдарламасын (Innovative Governance of Large Urban Systems) 2011 жылы Лозанна федералды политехникалық мектебі (École Polytechnique Fédérale de Lausanne) құрған болатын. Жаңа әдістемелер мен енгізу мысалдары арқылы IGLUS қалаларды дамытудың жаңа теорияларын зерттеуге, мегаполис басқарушыларына эксперимент жасап, тәжірибе алмасуға, экономикалық табыс мен әлеуметтік пайда әкелетін шешімдерді табуға көмектеседі. Болашақта Алматының қалалық ортаны және мобильділікті дамыту жөніндегі бастамаларына қатысу үшін IGLUS сарапшыларын тарту ойда бар.