Асхат Сихимбаев, локдаун кезінде coursera.org сайтында R-бағдарламалауды үйренді

Асхат Сихимбаев, Алматы энергетика және байланыс университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі

Coursera-2020 жобасы туралы Жаңалықтардан оқыңыз

 

Қазіргі уақытта табысқа жетудің басты қағидаты Life-longlearning деп аталатын үздіксіз оқу процесі болып табылады. Егер бұрын жоғары білім алып қана қойып, кейін қажет болғанда біліктілікті арттыру курстарынан өту жеткілікті ғана болса, ал қазір адамға табысты болу үшін күн сайын өзін-өзі жетілдіру қажет. Осы нанымдарға сүйене отырып, мен форумдарды жай ғана оқып, жаңа білім алу тиімді емес деп шештім, көзқарас жоғалады және жеке тұлғаның дамуы бойынша бірыңғай бағдарлама жоқ. Тиісінше, тұрақты түрде біліктілікті арттырып, жаңа кәсіби білімдерді алу процесін реттеп, жоспарлауға мүмкіндік беретін платформаны іздестіру қажеттілігі туындады. Сонымен бірге, мен бұған дейін түрлі EdTech платформаларына (Coursera, Udemy, EDX және т.б.) тіркеліп, олардың жұмыс алгоритмдерімен танысқан болатынмын. Алматы қаласының әкімдігі ұсынған Coursera платформасындағы оқуды білісімен мен, әрине, оны міндетті түрде пайдалануды ұйғардым.

Осы уақыт аралығында мен Johns Hopkins University мектебінен (Балтимор, АҚШ) оқудан сәтті өтіп, «Data Science» мамандығына кіретін 4 курс бойынша сертификаттар алдым, атап айтқанда:
a) Data Scientist’s Toolbox
b) R Programming
c) Getting and cleaning data
d) ExploratoryDataAnalysis

Менің жағдайымда, бір мамандықтың айналасында оқудан өткендіктен, «қызықтылығы» жағынан белгілі бір курсты бөліп айту мүмкін емес деп ойлаймын. Барлық курсты оқу қызық болды, өйткені ақпарат көлемі жинақы және мен деңгей сайын күрделенетін бір жалпы курсты аяқтадым деп айтуға болады.

Оқудан алған білім мен дағдылар біріншіден маған кәсіби тұрғыдан көп көмектесті, мен көп жағдайда математикалық статистика мен модельдеуде, сондай-ақ үлкен деректермен жұмыста пайдаланылатын R тілінің мүмкіндіктерімен таныстым. Мысалға, курстардың бірінде курстық жұмыс ретінде авторлар смартфондардың G-сенсорларынан алынған деректерді ұсынды, осы ретте оқушыларға қолдағы датасеттерден, яғни сегменттеу, визуалдау операцияларының көмегімен смартфон иелерінің мінез-құлқындағы басым белгілерді анықтау қажет болатын. Осы орайда мен сенсорлардың көрсеткіштерін пайдаланушының түрлі қимыл-әрекеттері (жүгіру, жүру, сатымен көтерілу/түсу, жатысы) бойынша бөліп, оларды тәулік бойынша топтастырдым. Осылайша, АҚШ-тың түрлі аудандарындағы белгілі бір смартфон иелерінің өмір салты мен күн тәртібімен таныстым десек болады. Осы практикалық мысал арқылы мен бұл курстар жеке-дара алынған бағдарламалау тілінің (менің жағдайымда бұл R) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үлкен деректермен жұмыс жасау алгоритмін түсінуге мүмкіндік бергенін ерекше атап өткім келеді. Бизнес үшін түрлі бағдарламалық және кешенді шешімдерді әзірлеп, бейімдеумен айналысатын компанияда жұмыс істегендіктен кәсіби тұрғыдан бұл маған сөзсіз қызық болды.

Бұл жерде курстар жеткілікті. Әркім өзінің қажетіне қарай таңдау жасайды. Мен цифрлық трансформацияға (қазіргі уақытта өте өзекті тақырып) қатысты курстардан өткен көптеген таныстарымды, сату өнерімен байланысты курстардан өткен, жай ғана іскерлік ағылшын тілін меңгергісі келген азаматтарды да көрдім. Әркім өзінің қалауы бойынша даму жолын таңдайды. Мен оқып, білім алуға, қызмет саласына қарамастан мамандарды даярлауға мүмкіндік берген Алматы қаласының әкімдігіне алғыс айту қажет деп ойлаймын. Бұл пандемия және локдаун кезінде өте өзекті болды.