«Қала бойынша қозғалуға рұқсат беру үшін деректерді енгізу порталы» жобасы

100%дайындығы
Жұмыстың басталуы:
01/04/2020
Жобаны іске қосу:
10/04/2020
Жағдайы:
Аяқталды
  • КВИ-ге байланысты карантин кезінде қала бойынша рұқсаттар мен қозғалыстарды бақылау процесін автоматтандыру
  • Алматы қаласының кәсіпорындары бойынша деректерді өзектендіру  

Қала бойынша қозғалуға рұқсат беру үшін infoalmaty.kz деректерді енгізу порталы іске қосылды. Рұқсатты екі жақты растау жүйесі бұрмаланулар мен карантин режимінің бұзылуын болдырмау мақсатында әзірленді. Бірінші кезеңде ұйымдардың, қызметкерлер мен көлік құралдарының деректері басшының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен ғана енгізіледі. Екінші кезеңде жүйеде мәлімделген деректердің ЭҚЖЖ бойынша рұқсат етілген қызмет түрлерімен сәйкестігі тексеріліп, сол бойынша рұқсат беріледі немесе өтінім қабылданбайды. Осындай тәсілдің арқасында қысқа мерзім ішінде қаланың 20,5 мың ұйымы, оның ішінде 9,7 мың ЖШС және 6,3 мың жеке кәсіпкер бойынша деректер өзектендірілді. Портал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Учет.кз» компаниясымен бірлесіп әзірленді.