Алматы қаласы әкімінің жанындағы IT-Кеңесі туралы

2020 жылы IT-Кеңесі құрылды, оның төрағасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев болып табылады.

IT-Кеңесін құрудың мақсаты – бизнес-қоғамдастық пен білім беру мекемелерінің пікірлері мен пайымын ескере отырып, қаланы цифрландырудың бірыңғай саясатын әзірлеу.

IT-Кеңесінің қызметі Алматы қаласы тұрғындарының мүддесі үшін цифрландырудың бірыңғай саясатын іске асыру бойынша шешімдерді әзірлеуге және оны дамытуға, ақпараттық технологиялар саласында кәсіпкерлік пен білім беруді дамытуды қолдауға бағытталған.

Құрамы Алматы қаласы әкімінің өкімімен бекітіледі. Бұл ретте әрбір мүше бір жылдан аспайтын мерзімге сайланады, құрамы жарты жылда бір рет Кеңес мүшелерінің білікті көпшілігінің дауыс беруі арқылы 5-7 адамға жаңартылуы мүмкін (кемінде 50% дауыс).

Алматы қаласы цифрландыруды дамыту жөніндегі IT-Кеңесінің ережесі

IT-Кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарлары

IT-Кеңестің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебі  

IT-Кеңестің 2021 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебі

Алматы қаласының әкімі жанындағы IT-Кеңесінің құрамы

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННАН:

 

1.

Досаев

Ерболат Асқарбекұлы

кеңес төрағасы, Алматы қаласының әкімі;

2.

Қоңырбаев

Баян Қайратұлы 

кеңес мүшесі, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы;  

3.

Саутбаева

Жазира Әбдіқалиқызы 

кеңес хатшысы, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының өзгерістерді басқару және процестік даму бөлімінің бас маманы;

 

АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДАН:

4.

Нұрғалиева

Әсем Болатжанқызы 

кеңес өкілі, «Бірінші кредиттік бюро» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);

5.

Щербинин

Евгений Михайлович 

кеңес мүшесі, «Prime Source» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

директоры (келісім бойынша);

6.

Сәкен

Мәди Маратұлы

кеңес мүшесі, «Frontier KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің даму

жөніндегі директоры, «Big Data» Ұлттық Қауымдастығы» заңды тұлғалар

бірлестігінің басқарма мүшесі (келісім бойынша);

7.

Ахметов

Қайрат Бәкібайұлы

кеңес мүшесі, «Көркем Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба

директоры (келісім бойынша);

8.

Сұлтанов

Аслан Қуанышұлы

кеңес мүшесі, ITI Capital Qazaqstan жеке компаниясының бас директоры 

(келісім бойынша);

9.

Мәшір

Еркеғали

кеңес мүшесі, «Azimut Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас 

директоры (келісім бойынша);

10.

Тойғұлиев

Әлішер Қайратұлы

кеңес мүшесі, «Sxodim Tickets» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

директоры (келісім бойынша);

11.

Ваганов

Николай Олегович

кеңес мүшесі, «NLS-Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

компаниясының құрылтайшысы (келісім бойынша);

12.

Бисембаев

Әлібек Сапарбекұлы

кеңес мүшесі, Қазақ-Британ Техникалық Университетінің ақпараттық

технологиялар факультеті деканының орынбасары (келісім бойынша);

13.

Ермоленко

Виталий Александрович

кеңес мүшесі, «MedElement» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

директоры (келісім бойынша);

14.

Куатбаева

Ақмарал Әлиханқызы

кеңес мүшесі, информатика бойынша Ph.D., «Халықаралық ақпараттық

технологиялар университеті» акционерлік қоғамының цифрлық

трансформациялар факультеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының

қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша);

15.

Құлахметова

Әлия Рәшидқызы 

кеңес мүшесі, процестерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері

жөніндегі сарапшы (келісім бойынша).

16.

Мендібаев

Ердос Көңілхошұлы 

тәуелсіз сарапшы, Қазақстандағы «Method digital education» бағдарламалау

мектебінің  директоры (келісім бойынша);

17.

Беклемишев

Андрей Павлович 

 тәуелсіз сарапшы, «International Data Corporation» вице - президенті 

(келісім бойынша);

18.

Нарымбаев

Әлібек Жалғасұлы

 тәуелсіз сарапшы, «Biometric (Биометрик)» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің директоры (келісім бойынша).