29 қыркүйек 2020: IT-Кеңесінің 9 айдағы жұмыс қорытындылары

29 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің жанындағы ІТ-Кеңесінің отырысында ІТ-Кеңесінің 2020 жылдың 9 айында атқарған қызметінің қорытындылары, жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары және 2021-2023 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарлары тыңдалды.
2020 жылы алға қойылған міндеттердің бір бөлігі білім және спорт салаларындағы отандық ІТ-шешімдердің авторларын іздестіруге, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын автоматтандырудағы қажеттіліктерді анықтауға бағытталды. 

Нәтижесінде білім беру саласы үшін отандық 25 ІТ-компания, 17 білім беру платформалары және жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізетін 8 өнім беруші; спорт саласында 9 отандық ІТ-компания және спорт талаптарына бейімдеуге болатын 9 білім беру платформасы анықталды. Осы орайда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлық коммуналдық қызмет көрсетушілер бойынша бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу, тұрғын үй меншік иелері бойынша деректерді басқа ведомстволардың тиісті базаларымен интеграциялау арқылы оларды өзектендіру қажет.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін биылғы жылы оффлайн режимінде, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жолға қойылды. 2021-2023 жылдары «барлық өтінімдер бәріне айқын» қағидаты бойынша тұрғындардан ашық өтінімдерді, сонымен бірге өтінімнің тарихы мен мәртебесін, оның жауабы мен жауапты қызметкердің ЭЦҚ жинау және өңдеу жобасын жаңғырту жоспарланған.

«Ақылды қаланың» орта мерзімді бастамалары «ақылды» есептеуіштермен қамтуды ұлғайтуды, коммуналдық желілердің энерготиімділігін басқарудың интеллектуалдық жүйесін енгізуді, Алматы қаласының «цифрлы егізін» жасауды көздейді.
Халық пен бизнесті цифрлық транформация процесіне жұмылдыру деңгейін арттыру, мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру кезінде YellowPagesRules ережелерін сақтау, Алматының ІТ-секторына тікелей инвестициялар тарту, бизнес-періштелер клубтары мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қозғалып өтті.

ІТ-Кеңесінің есебі туралы толық ақпаратты осы жерден көруге болады.