06 қазан 2020: Алматы қаласы әкімшілік аудандарының негізгі көрсеткіштерінің ақпараттық панелі іске қосылды

Әкімшілік аудандар бөлінісінде базалық индикаторлар бойынша қаланың инфрақұрылымдық желілері мен әлеуметтік объектілерінің дамуын енді Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттық панелінде қадағалауға болады. Осы мақсатта Цифрландыру басқармасы қаланың Ахуалдық орталығынан жедел деректерді жүктеу және көрсеткіштерді екі тілде белсенді визуалдау арқылы интерактивті портал құрды. 

Негізгі индикаторлардың ішінде – балабақшалар мен мектептердегі орындар саны, аулаларды, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, жолдар, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен арық желілерін салу, ағаштар отырғызу, газбен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін салу, орталық жылуға қосылған үйлер саны және басқалар қамтылған