02 қараша 2020: Алматы қаласының әкімдігі ашық деректер тізбесін кеңейтуде

2020 жылдың қазан айында Алматы қаласының әкімдігі ашық деректердің сегіз жаңа жинағын орналастырған болатын: «Жалпы өңірлік өнім бойынша ақпарат», «Балабақшалар бойынша ақпарат», «Мектептер бойынша ақпарат», «Алматы қаласының сайлаушылары», «Алматы қаласының сайлау учаскелері туралы ақпарат», «Алматы қаласы бойынша сайлаушылар көші-қоны туралы ақпарат», «Жылумен және электрмен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы бойынша жаңғыртылған желілердің үлесі», «Жолдардағы жөндеу жұмыстары бойынша деректер»

Сондай-ақ, мамыр айында әкімдіктің бастамасы бойынша екі жинақ орналастырылды: «Алматы қаласында мектептердің Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтылу пайызы» және «Алматы қаласында Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікті ұсынатын операторлардың тізбесі». Осылайша, Алматы қаласы әкімдігінің ашық деректер жинағының жалпы саны енді 122-ге жетті. Орналастырылған жинақтардың тізбеде бекітілген жалпы санындағы үлесі 100% құрайды.  Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 4/577 қаулысындағы редакцияда бекітілген Ашық деректер тізбесін мына жерден көруге болады.