«Алматы қаласының АТ-архитектурасын қалыптастыру» жобасы
Жұмыстың басталуы:
Жобаны іске қосу:
Жағдайы:
Жобаның мақсаты:
Цифрландырудың ағымдағы жағдайын айқындау және қызметті өзекті проблемаларды шешуге шоғырландыру.
Жобаның міндеті:
Халықтың, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының дәстүрлі нысандарын жақсарту үшін қажетті АТ-шешімдеріне күш-жігерді шоғырландыру.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің АТ-архитектурасын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл жұмыс ақпараттандыру саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде АТ-архитектурасын әзірлеуді орындаушы болып айқындалған "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторымен (Зерде холдингі) бірлесіп жүзеге асырылды. Тиісті шартқа 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін іске асыру мерзімімен қол қойылды.
Қаланың түрлі салаларын цифрландыру деңгейінің ағымдағы жағдайын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді ауқымды түгендеу аяқталды. Алынған ақпарат негізінде кешенді талдау жүргізіліп, Алматы қаласын цифрландыруды одан әрі дамытудың басымдықтары қойылатын болады.
Зерде Холдингі әзірлеген қызметтің, АТ-инфрақұрылымның, ақпараттық жүйелердің, деректердің, интеграциялардың және т. б. әртүрлі модельдері келісілді.
АТ-архитектурасының нысаналы жай-күйін қалыптастыру шеңберінде "SmartCity" технологиялық платформасының түрлі бағыттарын одан әрі дамыту және компоненттерін іске асыру жолдары айқындалды және басым жобалардың тізбесі қалыптастырылды.