18.02.2021: Алматы қаласы әкімі жанындағы IT-кеңесіне сайлау

Құрметті әріптестер, 2020 жылы Алматы қаласы әкімінің жанынан консультативтік-кеңесші орган - IT-кеңесі құрылды.

Кеңестің міндеттері ақпараттық технологиялар саласындағы бизнес қауымдастық пен оқу орындарының ұстанымдарын ескере отырып, Алматы қаласының бірыңғай цифрландыру саясатын келісу, сондай-ақ шешімдерді әзірлеу және Алматы қаласы тұрғындарының мүдделесі үшін Алматы қаласын цифрландыру бойынша бірыңғай саясатты жүзеге асыру, кәсіпкерлікті және ақпараттық технологияларды дамыту болып табылады.

IT кеңесінің барлық мүшелеріне өткен жылғы нәтижелі және сапалы жұмысы үшін алғыс айтамын. ІТ кеңесінің қатысуымен Алматы қаласы жаңа бағыттарға бастама көтерді, олар сөзсіз елдегі инновациялық технологияларды дамыту үшін ынталандырушы негіз бола алады. Негізгі жетістіктердің бірі:

  1. Қарапайым заттардың экономикасы бағдарламасына IT ЭҚЖЖ енгізу
  2. Қаланың қатысуымен өңірлік Тікелей инвестициялар қорының құрылуы
  3. ОМО дерекқорларына ашық қол жетімділік

және ең бастысы, ел деңгейінде Алматы қаласында өндірістік, қолшатыр және реттеуші құм жәшігі элементтері бар IT құм жәшігін құру туралы пікірталас басталды.

IТ кеңесінің әр мүшесі бір жылдан аспайтын мерзімге сайланады, әр мүшенің белгілі бір мәселе бойынша жұмыс жасау кезеңінде өзінің көзқарасы немесе даму бағдарламасы болуы керек, мысалы, қаланың ақпараттық технологиялар саласында инвестициялық тартымдылықты құру, білім беру кластерін дамыту және т.б. 

Осыған байланысты қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімі жанындағы IT-кеңестің 8 қатысушысын қосымша іріктеу мәселесі қарастырылуда.

IT-кеңестің жаңа мүшелерін таңдау үшін 2021 жылдың 25 ақпанына дейін b.konirbayev@a-a.kz мекен-жайына жіберу қажет:

  • үміткер IT-кеңеске қатысу мақсаттары туралы қысқаша айта алатын бағдарлама немесе уәждеме хат;
  • түйіндеме.

IТ кеңесінің есеп пен ереже қызметі туралы барлық ақпаратты https://digital-almaty.kz/ru порталынан таба аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша маған хабарласуыңызға болады,
Құрметпен,
Баян.