31.03.2021: 2021-2025 жылдарға арналған «Ақылды қала» басым жобаларының тізімі жарияланды

2020 жылы Алматы қаласының цифрландыру басқармасы «Зерде» ҰИХ» АҚ сервистік интеграторымен бірлесіп Алматы қаласының нысаналы АТ-архитектурасын әзірледі. Осы жұмыстар аясында мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне түгендеу жүргізудің нәтижесінде, қаланың түрлі салаларын цифрландырудың ағымдағы деңгейін бағалауға және Алматыны одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді.

2021-2025 жылдарға арналған «Ақылды қаланың» мемлекеттік органдардың азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және төтенше жағдайлар саласында жақсарту үшін басым жобасының 49 тізімі қалыптастырылды. АТ-архитектурасы бойынша толығырақ ақпаратпен және басым жобалардың паспорттарымен «Пайдалы ақпарат» бөлімінде танысуға болады.