«Карантиндегі пациенттерді қадағалау бойынша шешім» жобасы»
Жұмыстың басталуы:
Жобаны іске қосу:
Жағдайы:
Карантиндегі пациенттердің жеке кеңістігін бұзбай, олардың орналасқан жерін қашықтан бақылау
Жоба карантиндегі пациенттердің жеке басына қатысты мәліметтердің қауіпсіздігін толық сақтай отырып, оларды қадағалауға бағытталған. Ол үшін келесі алгоритм әзірленді: карантиндегі пациент Телеграм-ботқа тіркеліп, нақты уақыт режимінде орналасқан жері туралы хабардар ету үшін өзінің ұялы құрылғысының GPS сигналын іске қосады. Пациент КВИ оқшаулау нүктесінен 30 метрден аса қашықтаған кезде Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлері оған телефон арқылы хабарласып, пациенттің жүйеде тіркелген бірегей ID-кодын пайдалана отырып, қашықтықты бұзу себебін біле алады. GPS сигналының белсенділігі 15 минуттан астам уақытқа өшірілген және оқшаулау нүктесінен 30 метрден аса қашықтаған пациенттер қадағаланып отырады.