09.12.2021: «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы Qazaqstan Project Management Awards 2021 ұлттық конкурстың жеңімпаз атанды

«Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» цифрландыру басқармасының жобасы бірден екі номинация бойынша Qazaqstan Project Management Awards-2021 конкурстың жеңімпазы атанды: «Жергілікті атқарушы органдар арасындағы жылдың үздік жобасы» және «Жылдың үздік жоба менеджері». Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы жоба менеджері Аида Дәрменоваға 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Алтын сапа» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жыл сайынғы рәсімінде марапатты табыс етті.

Qazaqstan Project Management Awards конкурсына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің жоғары оқу орындары қатысады. Биыл 3 номинация бойынша 306 өтінім түсті: «Үздік жоба», «Үздік жоба менеджері» және «Үздік жобалық кеңсе».