«КВИ-дің таралу тарихы сақталып, қабылданған шаралар тіркеліп отыратын бірыңғай біріктірілген деректер базасын құру» жобасы

100%дайындығы
Жұмыстың басталуы:
19/03/2020
Жобаны іске қосу:
25/03/2020
Жағдайы:
Аяқталды

Алматы қаласы бойынша короновирустық инфекция (КВИ) ауруларын мониторингтеу

КВИ қарсы күресу үшін қабылданған шараларды бақылау

КВИ жұқтыру жағдайларының таралуы және оған қарсы күресу шаралары бойынша бірыңғай біріктірілген база ағымдағы жағдайды жедел бағалауға және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ахуалдық орталық үшін біріктірілген деректер мыналарды қамтиды:

  • КВИ жұқтыру бойынша анықталған жаңа жағдайлардың саны
  • ПТР әдісімен зерттеу динамикасы
  • Алматы қаласында тексерілген адамдардың жалпы саны
  • Тексерілген медицина қызметкерлерінің саны
  • Инфекциялық ауруханаларда, провизорлық және карантиндік орталықтарда төсек-орындардың болуы
  • Байланыста болған және үй карантиніндегі адамдар бойынша жинақталған жалпы ақпарат
  • Күндер бойынша КВИ даму динамикасы
  • Алматы қаласындағы КВИ ошақтары