Цифрландыру басқармасы
Қаланың цифрлық мәдениетін кешенді дамытуды қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың қыркүйек айында «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Цифрландыру басқармасы Алматы қаласында цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады.
Цифрландыру басқармасының миссиясы – цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру есебінен азаматтар үшін қолайлы қаланы құруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мен оны дамытуды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының міндеттері:
- «ақылды» қала тұжырымдамасын іске асыруды және тиімді ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету;
- Алматы қаласы әкімдігінің цифрландыру кеңсесінің жұмысын үйлестіру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау;
- бизнес-процестерді оңтайландыру және мемлекеттік органдардың функциялары мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Зерде ҰИХ» АҚ-мен және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
«Ақылды» қала жобаларын басқару бөлімі
Бөлімнің міндеттері:
- Алматы қаласын цифрландыруды дамыту стратегиясы мен оны орындау жол картасын әзірлеу және сүйемелдеу;
- бизнес-процестерді оңтайландыру және мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- цифрландыруды дамыту стратегиясын әдіснамалық сүйемелдеу;
- «ақылды» қала тұжырымдамасы шеңберінде бастамалар мен жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
- Алматы қаласын цифрландыру кеңсесін үйлестіру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын қамтамасыз ету;
- қала әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкімет» архитектурасын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
- «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі шараларды үйлестіру.
Өзгерістерді басқару және процестік даму бөлімі
Бөлімнің міндеттері:
- Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жақсартуды сүйемелдеу;
- мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын ішкі бақылау.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- цифрландыру жобалары шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функциялары мен мемлекеттік қызмет көрсету процестерінің өзгерістерін үйлестіру;
- цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
- Алматы қаласының аумағында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын, қол жетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету процестерін және Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді басқару бөлімі
Бөлімнің міндеттері:
- Алматы қаласындағы цифрландыру жобалары шеңберінде деректерді басқаруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
- тиісті процестік тәсіл шеңберінде ақпараттық жүйелерді үйлестіру және барынша оңтайлы жұмыс жасау үшін деректерді талдау;
- цифрландыру жобаларының ақпараттық қауіпсіздігін талдау.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- цифрландыру жобалары шеңберінде деректерді басқару әдіснамасының регламенттерін әзірлеу;
- барынша оңтайлы жұмыс жасау, ақпараттық жүйелерді үйлестіру және ықпалдастыру үшін деректерге мониторинг және талдау жүргізу;
- мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты Басқарманың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз ету;
- әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болса), «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
- Алматы қаласы бойынша ашық деректердің қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастырылуын үйлестіру.
Әкімшілік-шаруашылық бөлім
Бөлімнің міндеттері:
- Басқарма қызметін материалдық-техникалық және қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету;
- Басқарманың мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру;
- бухгалтерлік есепті, бақылауды және есептілікті жүргізу;
- Басқарманың іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- түскен ақша қаражатының, тауарлы-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың толық есебін жүргізу және олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетіп отыру;
- есепті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды архивке беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу;
- Басқарманың бюджеттік өтінімін қалыптастыру;
- мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның орындалуын бақылау;
- мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асыру және шарттың орындалуын бақылау;
- прокурорлық реттеу актілеріне, ҚР Әділет органдарының өтініштеріне материалдар мен жауаптар дайындау;
- Басқарманың іс қағаздарын жүргізу;
- тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу.