15.11.2022: «Алматы қаласында бейнебақылау жүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ Қазақстан Республиканың «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – №725 Бұйрығы) сәйкес «Алматы қаласында бейнебақылау жүйесін құру және пайдалану» (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тікелей келіссөздер арқылы бастамашылық жасалғаны туралы хабардар етеді.

  • Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2033 жж.
  • МЖӘ объектісін құру кезеңі: 6 ай.
  • МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі: 10 жыл.
  • Жобаны іске асыру орны: Алматы қаласы.
  • Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: Заңның 9-бабының 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша қызметтерді көрсеткені үшін төлем. МЖӘ жобасы бойынша төлемдер бейнебақылау жүйесі іске қосылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
  • Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегейлікке тиесілігі: қолданылмайды.
  • Жобаның құны: ҚҚС қосқанда 18 324 558 мың теңге.

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  1. 5957 жалпы бейнебақылау камералары (711 бұрылмалы және 5246 бекітілген);
  2. Деректерді өңдеуге, талдауға және сақтауға арналған деректер орталығы.

Жалпы бейнебақылау жүйесінің функциялары мен техникалық сипаттамалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Әлеуетті жекеше әріптес мыналар үшін жауапты болады:

  1. жеке және (немесе) қарыз қаражаты есебінен МЖӘ жобасы шеңберінде бейнебақылау жүйесін құруды қаржыландыру;
  2. МЖӘ жобасы шеңберінде бейнебақылау жүйесін құру;
  3. МЖӘ жобасы бойынша бейнебақылау қызметтерін көрсету, оның ішінде бейне кескіндерді 30 күн бойы сақтау және деректерді беру арналарын ұйымдастыру.

Балама ұсынысқа қойылатын талаптар:

  • ҚР аумағында іске асырылатын бейнебақылау жүйелерін құру және пайдалану бойынша кемінде 3 (үш) ұқсас МЖӘ жобасын іске асыру тәжірибесінің болуы тиіс;
  • әлеуетті жекеше әріптес ҚР ақпараттандыру саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпы бейнебақылау камераларын, сондай-ақ айрықша құқықтары өзіне тиесілі бейне ағындарын басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынуға тиіс.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ №725 Бұйрығының 130-тармағына сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді ұсынады. 

Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабына сәйкес мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

  1. құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (жеке кәсіпкер үшін) болуы);
  2. төлем қабілеттілігінің болуы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы; 
  3. мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
  4. банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға тиіс, оның баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
  5. соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс;
  6. әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуге тиіс;
  7. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуге тиіс;
  8. мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын өз қаражатының болуына құқығы бар.

«Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ балама ұсыныстарды 2022 жылдың «11» желтоқсанына дейін қабылдайды.
Мемлекеттік орган: «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ. Мекенжайы: 050008 Алматы қ., Әуезов к-сі, 82. Тел.: +7 (775) 274 75 17.
e-mail: aigerim_upr@a-a.kz