«Бірыңғай бейне мониторинг жүйесі»
Қаланы цифрландыру
20%дайындығы
Жұмыстың басталуы:
2020 жылдың наурызы
Жобаны іске қосу:
2021 жылдың желтоқсаны
Жағдайы:
Іске асырылу сатысында
Жобаның мақсаты:
- мемлекеттік білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастыру;
- жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру;
- қылмыс деңгейін азайтуға ықпал ету, полиция органдарына қылмыстарды ашуға жәрдем көрсету;
- жол-көлік оқиғаларындағы (бұдан әрі – ЖКО) өлімді, ЖКО санын азайту, ЖКО кезінде жарақаттанудың ауырлығын төмендету.
Жобаның мақсаты:
- полиция органдарының қызметіндегі ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық факторларын азайту;
- қалалық көлік саласын басқару, көлік қозғалысы туралы өзекті деректерді алу сапасын арттыру;
- құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету бойынша полиция органдарының іс-әрекетінің тиімділігін арттыру;
- жергілікті бюджетті ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу, көлік салығын төлемейтіндерді жедел қадағалау және т. б. есебінен толықтыру.
Жоба қаладағы қауіпсіздікті жақсарту және арттыру үшін барлық бейне мониторинг жүйелерін, атап айтқанда, келесідей жүйелерді біріктіреді:
- Алматы қаласының мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесі (220 мектептің КҚЖ);
- Жол қозғалысын бейнебақылау;
- Көпқабатты үйлердің аулаларын бейнебақылау;
- Жаппай жиналатын жерлерді бейнебақылау (базарлар, вокзалдар және т.б.);
- Көпқабатты үйлердің лифтілеріндегі жол қозғалысын бейнебақылау.
Жобаның басталуы: 2020 жылдың наурызы.
Жоспар бойынша жобаның аяқталуы: 2020 жылдың желтоқсаны.