03.04.2023: Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы мен CrimsonLogic PTE Ltd «Алматы қаласының Бірыңғай деректер қоймасы» жобасы бойынша ынтымақтастықты жалғастырды.

2023 жылдың 03 сәуірінде Алматыда «Алматы қаласының Бірыңғай деректер қоймасы» жобасының қатысушыларының ауқымды кездесуі өтіп, әлеуметтік кластер бойынша жоба жұмысының нәтижелері таныстырылды. Жобалық платформада жүргізілген аналитикалық зерттеулер, сондай-ақ қала экономикасы, логистикасы және жерді пайдалану бойынша кластерлерді құру бойынша жұмыс жоспарлары мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің талқылауына ұсынылды.

Кездесу барысында деректерді басқару және техникалық шешім саласындағы отыз жылдық тәжірибесі «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасында қолданылатын сингапурлық CrimsonLogic PTE Ltd компаниясымен ынтымақтастықты ұзарту бойынша үш жылдық меморандумға қол қойылды.

 

«Қала басшылығы үшін қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бизнесті қатыстыру өте маңызды. Аналитикалық зерттеулеріміз арқылы біз Алматыдағы негізгі нүктелерді анықтап, қаланың бизнес қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асыруға болатын шешімдерді іздейміз».

Баян Қоңырбаев, Басқарма басшысы

«Алматы қаласы жобасының қысқа мерзімде қол жеткізген нәтижелері бізді қатты таң қалдырды. Өз тарапынан CrimsonLogic қажетті сараптамалық қолдау көрсетуді және жергілікті сарапшылармен техникалық білім алмасуды жалғастырады».

Эрнест Лоу, CrimsonLogic вице-президенті