21 мамыр 2020 жыл: бес елдің оқушыларына арналған халықаралық онлайн сабақ

Цифрландыру басқармасы Алматы қаласының 54 лицейімен және Microsoft компаниясымен бірлесіп Халықаралық онлайн сабақ өткізді, оған Қазақстан, Косово, Латвия, Грузия, Болгария және Әзірбайжан елдерінің оқушылары қатысты. Цифрлық технологиялар кеңістіктің аясын кеңейтеді, түрлі ұлт өкілдерінің балаларына бір-бірін жақсы білуге және әр түрлі мәдениет пен әдет-ғұрыптарды түсінуге көмектеседі. Өз елдерінің атынан шықан оқушылар ағылшын тіліндегі білімдерін сынап қана қоймай, Microsoft Teams сияқты заманауи технологияларды меңгеріп, командада жұмыс істей алатынын және алыстағы әңгімелесушілермен тең құқықты диалог жүргізе білетінін көрсетті.

Жоба серіктестері қаланың 205 мектебінен 260 мың оқушыға білім беру және 25,7 мың мұғалім мен мектептің әкімшілік қызметкерлері үшін Microsoft қосымшаларын бірыңғай цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшіруді жоспарлап отыр. Алматы қаласының тоғыз техникалық лицейінде бес пән Minecraft: Education Edition бейне ойындары арқылы оқытылады, ол ойын процесі арқылы балалардың жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге қызығушылығын арттырып, бағдарламалау дағдыларын үйретуге көмектеседі.