Біздің жауабымыз: Stop COVID-19

Төтенше жағдай кезінде Цифрландыру басқармасы коронавирустық инфекцияға (КВИ) қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 15 жоба әзірледі.

Олар – ұялы байланыс операторларының деректері негізінде карантин режимін талдау, дезинфекция жүргізу бригадаларының жұмыс кестесін автоматтандыру, КВИ жұқтыру ошақтарын мониторингтеу, КВИ  бойынша деректердің бірыңғай агрегаторын құру және т.б. Осы шаралардың арқасында нақты уақытта КВИ-дің таралуы бойынша барлық жағдайды қадағалап отыруға, әлеуметтік қашықтық индексінің динамикасы бойынша нақты өлшеулер жүргізуге және болжамды математикалық модельдерді қолдану үшін деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік туды.