10 сәуір 2020 жыл: қала ішінде қозғалуға рұқсат беру үшін деректерді енгізу порталы іске қосылды

Қала ішінде қозғалуға рұқсат беру үшін infoalmaty.kz деректерді енгізу порталы іске қосылды. Заңдылықты растауға арналған қос жүйе карантин режимінің бұрмалануы мен бұзылуын болдырмау мақсатында әзірленген. Бірінші кезеңде ұйымдардың, қызметкерлер мен көлік құралдарының деректері басшының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен ғана енгізіледі. Екінші кезеңде жүйе ұсынылған деректердің ЭҚЖЖ бойынша рұқсат етілген қызмет түрлерімен сәйкестігін тексеріп, рұқсат береді немесе өтінімді қабылдамайды. Осындай тәсілдің арқасында қысқа мерзім ішінде қаланың 20,5 мың ұйымы бойынша деректер өзектендірілді, олардың ішінде 9,7 мың ЖШС және 6,3 мың жеке кәсіпкер анықталды. Портал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Учет.кз  компаниясымен бірлесіп әзірленді.