03 маусым 2020: Тепловизиондық камера өрттің алдын алуға көмектесті

Тепловизиондық камера Шығыс айналма авотомобиль жолының ауданында басталған өртті жедел анықтауға көмектесті. 30 метр биіктікте орналасқан тепловизор тұтанған отты он шақырым қашықтықтан тіркей алған.

Орталықтандырылған тепловизиялық бақылау жобасы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының бастамасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп іске асырылады. Ол жылу және оптикалық бақылау, өрт пен түтінді ерте анықтау функцияларын қамтиды. Пилоттық жоба аясында қалада бір камера орнатылды, оның көмегімен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері Алматыдағы жағдайға мониторинг жүргізе алады. Температура 100 градустан асқан жағдайда камераға тіркеліп, «alarm» белгісі бар фотосурет ТЖД пультіне жіберіледі.