«112-БКДҚ» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі»
Жұмыстың басталуы:
Жобаны іске қосу:
Жағдайы:
Жобаның мақсаты:
Барлық процеске қатысушылардың өзара іс-қимылы бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру:
- күштер мен құралдарды жедел басқару үшін жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді жедел қабылдау, тіркеу, өңдеу және тиісті қызметке жіберу;
- қызметтер мен бөлімшелердің қылмыстарға, оқиғаларға, күрделі жағдайларға, шұғыл жедел жәрдемге, дүлей зілзалаларға және басқа да ТЖ-ға жедел ден қою бойынша іс-қимылдарын үйлестіру;
- ТЖ туындаған кезде басқару шешімдерін әзірлеу және іске асыру.
Жобаның міндеті:
- Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық және төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе фактісі, сондай-ақ технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беретін кез келген оқиғалар туралы халықтан және ұйымдардан хабарламалар қабылдау.
- сұрату бойынша Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялық және жоспарлы жұмыстар туралы ақпаратты ұсыну.
- Алматы қаласын жылу, газ, электр, сумен жабдықтауды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
- тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінің жұмысын үйлестіру.
- бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру.
Төтенше жағдайлар (оқиғалар) кезінде халықты, аумақтарды және объектілерді қорғау бойынша тиімді жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің бірі шұғыл жедел қызметтердің уақтылы әрекет етуі болып табылады. Жедел ден қою уақытын қысқарту қайтыс болғандар мен зардап шеккендер санының және жалпы материалдық залалдың азаюына алып келеді.
Халықты және аумақтарды қорғау міндеттерін орындау үшін әзірлікті арттыруды қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді әдіс Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметті (БКДҚ) құру және жұмысқа енгізу болып табылады.
«112-БКДҚ» ақпараттық жүйесінің құрылуымен төтенше жағдайлар кезіндегі көптеген міндеттер мен олардың туындау проблемалары шешілетін болады: азаматтардың сенімін арттыруға, шұғыл әрекет ету диспетчерлік қызметтерінің жалған, анықтамалық, қайталама және бейінді емес шақырулар бойынша жүктемеден арылуына, барлық қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, қақтығыстарға бірлесіп әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жоба бастапқы кезеңде 101, 102, 103 жедел қызметтерінің колл-орталықтарының операторларын біріктіріп, Жедел басқару орталықтарын қызметтердің өзінде сақтайды. Азаматтардың шұғыл өтініштерін бірыңғай қабылдауды ұйымдастыру шұғыл жағдайларды пысықтау регламенті негізінде қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруге бағытталған.
Қазіргі уақытта 112-БКДҚ орналасатын Әуезов, 82 мекенжайындағы ғимаратта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
Техникалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.