Қала тұрғындарына арналған Ахуалдық орталық

Алматы қаласының даму орталығы сенімді деректер негізінде қаланың әлеуметтік-экономикалық процестеріне мониторинг, талдау жасау, оңы кейіннен визуализациялау, үшін бірыңғай ақпараттық-талдау кеңістігін құру мақсатында қала тұрғындарына арналған Ахуалдық орталық әзірледі.

Қаладағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы, ІТ-кәсіпкерлікті дамытудың экожүйесі, экологиялық көрсеткіштер, қаланың жасыл қоры, қаланың даму көрсеткіштері және Smart City көрсеткіштерінің динамикасы, тұрғындардың жиі қойылатын проблемалық сұрақтар санаттары туралы ақпаратты салалар мен қаланың аудандары бойынша ашық қолжетімділікте көруге болады.

 

Жобаның мақсаты:

Сенімді және өзекті деректер негізінде қаланың әлеуметтік-экономикалық процестеріне мониторинг, талдау жасау, оңы кейіннен визуализациялау, үшін бірыңғай ақпараттық-талдау кеңістігін құру.

Жобаның міндеті:

  • Ахуалдық орталықтың ашық порталында тұрақты негізде азаматтарға мәліметтерді беру
  • қалалық ресурстар және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сенімді және уақтылы мәліметтерді жинақтау
  • тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қала әкімшілігіне, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен басқармаларға сапалы, жедел және толық ақпараты беру
  • Ахуалдық орталықтың реттелетін интерфейстері арқылы деректерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету