16-23 қараша 2022 жыл: Almaty Cyber Games 2022 (ACG)
Уақытты жұмсау:
16-23 қараша 2022 жыл
Орналасуы:
Алматы қаласындағы Интерконтиненталь қонақ үйінде
Анықтама алу үшін байланыс:
Оқиға форматы:
Online / Offline
2022 жылғы қарашаның 16-нан бастап 23-не дейінгі аралықта биылғы жылдың аса ірі киберспорттық оқиғасы Almaty Cyber Games-ң біліктілік раунды және іріктеу кезеңдері өткізілді. 2 жарыс түрі бойынша 64 қатысушы команда және 32 жеке спортшы өз қатарынан ең мықтысын анықтады. Кейіннен 27 және 28 қарашада Алматы қаласындағы Интерконтиненталь қонақ үйінде осы турнирдің LAN-финалдары өтті. Іс-шараны iPlay Esports турнирлік операторы Әкімдік пен Алматы қаласын Цифрландыру Басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрады (демеушілер есебінен), жарыс үш жарыс түрі бойынша өтті: Counter Strike: Global Offensive, Dota 2 және FIFA 23
CS:GO-да турнирдің триумфаторлары Kalash +4 командасы болды, Dota 2-де жеңіс Shah Vpered 4 ұжымына бұйырды, ең мықты киберфутболшы болып 1erdaaa атанды.
Интерконтинентальдің залдарында бұл күндері стримерлер: Adren, Acoolfifa, MuMino, Keen, Aigera Dunamis, Nigmaabq-ті және блогерлер: Hakim Mukaram, Essentay, Shakesh, AsylRomeo-ны көріп, кездестіру мүмкіндігі туды.
Іс-шара қазақ киберспорттық про-сахна тарландарының және стримерлік қоғамдастық жұлдыздарының қатысуымен өткен шоу-матчпен, косплей конкурсымен және танымал блогерлердің оқиғаны жария етуге қатысуымен әсіресе ерекшеленді, сондай-ақ автограф-сессиялар өткізілді. Әрбір келген қонақ республиканың киберспорттық қоғамдастығына қатысу, цифрлық ойын-сауықтар индустриясына жаңаша қарау мүмкіндігіне ие болды.
Almaty Cyber Games – «оңтүстік астананың» цифрлық инфрақұрылымының мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсеткен киберспорт фестивалі деп атауға лайық. Турнирге ат салысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және келесі жылы кездескенше қош сау болыңыздар!