Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат
Алматы қаласының басқармалары мен аудан әкімдіктері мемлекеттік қызметтердің 161 түрін көрсетеді (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес).
Мемлекеттік қызметтердің 161 түрінің ішінде:
- egov.kz порталы арқылы – 149;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы арқылы – 56;
- мемлекеттік органдар арқылы баламасыз негізде – 14 қызмет түрі көрсетіледі.
Сондай-ақ, әкімдіктің мемлекеттік қызметтері басқармалардың сайттары және ақпараттық жүйелері (balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz, «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» ақпараттық жүйесі, автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы және т.б.) арқылы көрсетіледі.
Алматы қаласы бойынша 2020 жылға арналған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі