«Алматы қаласының мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесі»

30%дайындығы
Жұмыстың басталуы:
наурыз 2020 жыл
Жобаны іске қосу:
2022 жылдың бірінші жартысы
Жағдайы:
Іске асырылу сатысында

Жобаның мақсаты:

  • мемлекеттік білім беру мекемелерінде қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастыру;
  • бейнеақпаратты өңдеудің аналитикалық жүйесін қолдану;
  • құқыққа қайшы әрекеттерді уақтылы анықтау және оларға ден қою;
  • оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі.

Жобаның міндеттері:

  • құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету бойынша полиция органдарының іс-әрекетінің тиімділігін арттыру; 
  • оқу орындарынан алынған ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - ТЖД) және Полиция департаментінің мониторинг жүйесінің жұмыс орнына шығару;
  • тәртіп деңгейін, атап айтқанда, оқушылар арасында туындайтын жанжалдарды бақылап отыру, алдын алу және шешу деңгейін арттыру, кешіккен оқушыларды анықтау.
     

«220 мектептің КҚЖ» жобасы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын  талаптар» шеңберінде Алматы қаласының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Жоба бойынша бейнебақылау, өрт және күзет сигнализациясы, дауыстық хабарлау жабдықтарын орнату және қызмет көрсету, кешенді қауіпсіздік жүйесін құру үшін деректерді беру арнасын ұйымдастыру көзделеді.

Кешенді қауіпсіздік жүйесі білім беру мекемелерінің (220 мектеп) қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, олардың әлеуметтік және техногендік сипаттағы нақты және болжамды қауіптерден қорғалу жағдайын білдіреді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының мектептері мен интернаттарында 2 797 бейнекамера орнатылған, оның ішінде 1 656-сы ішкі және 1 141-і сыртқы бақылау камералары.

Сонымен қатар, мектептердегі бейнекамералар аналогты болып табылады, олардың көпшілігінің пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары. Осылайша, білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау жүйесінің сапалық сипаттамалары мен функционалдық мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында бейнебақылау жүйесін толық жаңарту, яғни бейне талдау мүмкіндігімен қолданыстағы аналогтық камераларды цифрлық түрлеріне ауыстыру, бейнеақпаратты өңдеудің аналитикалық жүйесін енгізу талап етіледі.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 220 білім беру мекемелерінде бейнебақылау, өрт және күзет сигнализациялары, дауыстық құлақтандыру, үздіксіз қоректендіру көздерін қамтитын кешенді қауіпсіздік жүйесі орнатылатын болады. Сондай-ақ, жоба бойынша жекеше әріптес тарапынан КҚЖ жабдығына техникалық сервистік қызмет көрсету ұсынылады.

Оқу мекемелерінің кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау және күзет сигнализациясы ұрлықты азайтуға арналған, ал өрт сигнализациясының датчиктері түтінге дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, камералар тәртіп деңгейін арттырып, оқушылар арасында туындайтын жанжалдарды бақылап отыруға, олардың алдын алуға және шешуге, үнемі кешігетін оқушыларды, егер бар болса, сабаққа қатыспайтын балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау оқушылар арасындағы қақтығыстарды болдырмауға және қақтығысты бастаушыны табуға мүмкіндік береді.

«220 мектептің КҚЖ» жобасының басталуы: 2020 жылдың наурызы.

Жоспар бойынша «220 мектептің КҚЖ» жобасының аяқталуы:  2020 жылдың желтоқсаны.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

  • Алматы қаласының білім беру мекемелерінде қауіпсіздіктің артуы; 
  • бөгде адамдардың білім беру мекемелерінің ғимаратына кіруіне шектеу қойылуы; 
  • КҚЖ орнатылуы және іске қосылуы.

Қазіргі уақытта мектептерді жобалау алдындағы тексеру аяқталып, жобаның техникалық тапсырмасы дайындалуда.